Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
42-бап. Әуе кемелерiнiң сыныптамасы



Ст. 42 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV



1. Әуе кемелері авиацияға тиесiлігiне қарай:

мемлекеттік әуе кемелері;

азаматтық әуе кемелері;

эксперименттiк әуе кемелері болып бөлiнедi.

2. Мемлекеттік авиацияда пайдаланылатын және мемлекеттік авиация әуе кемелерінің тізілімінде тіркелген әуе кемесі мемлекеттік әуе кемесі болып табылады.

3. Азаматтық авиацияда пайдаланылатын және Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесі азаматтық әуе кемесі болып табылады.

Азаматтық әуе кемелерінің сыныптамасы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына және деректеріне қарай Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларында айқындалады.

4. Тәжірибелік-конструкторлық, эксперименттік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және сынақтар өткізуге арналған әуе кемесі эксперименттiк әуе кемесі болып табылады.

Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...111 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 42-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV