Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
44-бап. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау

Ст. 44 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Бекітілген үлгі конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің әрбір данасы сертификатталуға және оның конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген куәлігі болуға тиіс. 

Конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік берілген әуе кемесі коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға жіберілмейді. 

2. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес жүргізеді. 

Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 44-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV