Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
51-бап. Әуе кемесiн жалдау

Ст. 51 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесiнiң меншiк иесi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары кемені экипажымен қоса немесе экипажсыз Қазақстан Республикасының пайдаланушысына немесе шетелдiк пайдаланушыға жалға беруге құқылы. 

Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы. 

1-1. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республикасы пайдаланушысының экипажсыз немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.  

1-2. Қазақстан Республикасы пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы шарттың қолданылу мерзіміне жалға алушы пайдаланушысының сертификатына (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке) енгізбей жүзеге асырылады.  

Қазақстан Республикасы пайдаланушысының шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша мынадай пропорцияда: саны бес әуе кемесінен аспайтын паркі бар жалға алушы үшін – бір әуе кемесінен аспайтын және саны бес әуе кемесінен асатын паркі бар жалға алушы үшін – тұрақты және тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жалпы әуе кемелері паркінің жиырма пайызынан аспайтын және жалға алушы пайдаланушысының сертификатына енгізбей, бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Жалға алынатын әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділігі жалға алушының әуе кемелерінің жолаушылар сыйымдылығымен және жүк көтерімділігімен салыстырмалы түрде бірдей болуға тиіс.  

Бұл ретте жалға алушы рейсті іс жүзінде қай тасымалдаушының орындайтыны жөнінде жолаушыларды хабардар етуге тиіс.  

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған, жалға алушының немесе жалға берушінің тарапынан тиімді пайдаланушылық бақылау не пайдаланушының сертификатын және жалға алынатын әуе кемесіне арналған ұшуға жарамдылық сертификатын берген мемлекеттің тарапынан қадағалау болмаған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының пайдаланушысына әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға бұрын берілген рұқсатты кері қайтарып алады. 

2. Шетелдік жалға алушының Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не оның пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымы болып табылатын жалға алынған әуе кемесінде ұрыс қимылдары, қарулы қақтығыстар аймағында ұшуды орындауына және қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, әскери құралымдарды тасымалдауға байланысты ұшуды орындауына тыйым салынады. 

3. Алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 51-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV