Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 54 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
54-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау және қызмет түрлеріне жіберу

Ескерту. 54-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау бастапқы даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейде ұстауды қамтиды. 

Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау авиациялық оқу орталықтарында жүзеге асырылады. 

Кәсіптік деңгейін ұстау авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) азаматтық авиация ұйымдарында жүзеге асырылады. 

Авиация персоналының біліктілік деңгейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын жеке тұлғалар авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды. Мұндай адамдар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. 

Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналының біліктілік деңгейін әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін біліктілік комиссиялары авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды.  

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналын авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.  

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру инспекторларын даярлауды және қайта даярлауды тәуелсіз оқу орталығы авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.  

Әуежайдың кіру шектелген күзетілетін аймағына кіру кезінде ілесіп жүрмеуге болатын рұқсаты бар персоналды авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлауды және қайта даярлауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан жұмысқа рұқсат алған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүргізеді. 

2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы көрсететін қызметтердің сертификаттау талаптарына сәйкестігін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру арқылы растайды. 

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізу тәртібі Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында белгіленеді. 

Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және кәсіптік деңгейін ұстап тұруға рұқсат етіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақты төртінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-1. Авиация персоналы теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес орындайтын функцияларына сай келетін деңгейде тілдерді білетінін авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар тағайындалған жеке тұлғалар жүргізетін тестілеудің немесе кезеңдік тексерулердің көмегімен көрсетуге тиіс.  

2-2. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждарының мүшелерін даярлау, олардың практикалық дағдыларын ұстау және тексеру мақсатында қолданылатын ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларға сәйкес қолдануға жол беріледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-3-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Авиация персоналына жататын адамдар кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықтан өтуге міндетті.  

Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамдар кәсіптік қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына арналған қолданыстағы куәлiгi мен медициналық сертификаты болған кезде жіберіледі.  

Авиация персоналына, сондай-ақ мiндеттi медициналық куәландыруға және медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар санатына қойылатын азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландырылу, медициналық қарап-тексеру жөніндегі талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы негiзiнде әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында белгiленедi.  

Медициналық куәландырудан өту кезінде медициналық куәландырудан өтуге өтініш беруші авиациялық медициналық сарапшыға өзіне мәлім және ұшуды орындауы үшін қауіп төндіретін ауруларының бар екені туралы ақпаратты хабарлауға міндетті.  

Авиация персоналын медициналық куәландыру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық медициналық орталықтарда жүргізіледі. Жеңіл және аса жеңіл авиация пилоттарын медициналық куәландыруды авиациялық медициналық сарапшы жүргізе алады, оған қойылатын талаптар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында белгіленеді. 

Медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін авиациялық медициналық сарапшылар жауапты болады.  

Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды: 

1) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын беруді және оны орындауды талап етеді;  

2) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар түзету іс-қимылдарының жоспарында белгіленген мерзімдерде жойылмаса, авиациялық медициналық орталықтың мұндай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің)) қолданысы аясын толығымен не ішінара тоқтата тұрады;  

3) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар авиациялық медициналық орталық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаса, оны кері қайтарып алады.  

Авиациялық медициналық орталық сертификатының қолданысы авиациялық медициналық орталықтарды сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.  

Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды: 

1) авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылғанға дейін авиациялық медициналық сарапшының мұндай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің)) қолданысы аясын үш айға дейінгі мерзімге толығымен не ішінара тоқтата тұрады; 

2) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде жойылмаса, оны кері қайтарып алады.  

Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы:  

1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының медициналық куәландыру бөлігіндегі талаптары және сертификаттау талаптары бұзылған;  

2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда, үш айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.  

Авиациялық медициналық сарапшының сертификаты:  

1) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздіктер жойылмаған;  

2) авиациялық медициналық сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда, кері қайтарып алынады.  

Авиациялық медициналық сарапшының сертификатын тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында айқындалады.  

Авиациялық медициналық сарапшы сертификатының қолданысы авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.  

Азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиациялық медициналық сарапшыға қатысты мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды: 

1) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды береді;  

2) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды қайта береді және авиациялық медициналық сарапшының сертификатын кері қайтарып алады.  

Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамның медициналық куәландырудан өту кезінде өзіне мәлім және ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін ауруларының бар екені туралы ақпаратты жасыруы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиация персоналына қатысты мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды: 

1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды береді және бұзушылықтар жойылғанға дейін авиация персоналы куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады;  

2) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұзушылық қайталап жасалған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды қайтадан береді және авиация персоналы куәлігін кері қайтарып алады.  

Авиация персоналы куәлiгiн беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ аталған куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізу азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында белгіленеді.  

Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналы куәлігіне біліктілік белгілері мен арнайы белгілер енгізуді әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. 

4. Авиация персоналына жататын адам тағылымдамадан өткеннен кейін және тағылымдаманы өткізген лауазымды адамның дербес кәсіптік қызметке жіберу мүмкіндігі туралы шешімінен кейін дербес кәсіптік қызметке жіберіледі. Авиация персоналының дербес кәсіптік қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі туралы негізделген шешім үшін тағылымдаманы өткізген адамдар жауаптылықта болады. 

Авиация персоналының дербес кәсіптік қызметке жіберілуіне авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар, кәсіптік білімдері мен дағдыларына тексеру жүргізген жеке тұлға жауапты болады. 

5. Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде адамға кәсіптік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады. 

Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым осы бапқа сәйкес берілген авиация персоналы куәліктерінің және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған авиация персоналы куәліктерінің тізілімін жүргізеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақты төртінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай: 

1) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін жұмыстарды орындаудың технологиясы сақталмаған; 

2) тексерулер кезінде кәсіптік даярлығы жеткіліксіз деп анықталған; 

3) ұшуды қамтамасыз ету және орындау, әуе қозғалысына қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету кезінде белгіленген талаптарды бір рет өрескел бұзған; 

4) алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық (оларға ұқсас заттармен) масаң күйде әуе кемесін басқаруға, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге байланысты қызметті орындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген не танылған авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның авиация персоналы куәлігінің (тану туралы шешімнің) қолданылуын тоқтата тұрады. 

6-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай: 

1) өздеріне ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы куәлік (тану туралы шешім) алған; 

2) қызметтік міндеттерді орындауға жататын жазбалар мен оларға байланысты деректер бұрмаланған; 

3) алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және танылған авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның авиация персоналы куәлігін (тану туралы шешімді) қайтарып алады. 

6-3. Авиация персоналы куәлігін тоқтата тұру, сондай-ақ авиация персоналына жататын жеке тұлға болып табылатын өтініш берушіден (иесінен) оны қайтарып алу тәртібі мен мерзімдері Авиация персоналы куәлігін беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларымен айқындалады. 

6-4. Авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген не танылған авиация персоналы куәлігінің (оны тану туралы шешімнің) қолданылуы мынадай:  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) авиация персоналы куәлігін жоғалтқан, тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауыстыру себебімен және басқа да техникалық себептермен оны ауыстырған;  

2) еңбекке қабілеттілігінен айырылған (жұмыс орнынан деректер ұсыну бойынша);  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) қайтыс болған;  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) жұмыста бес жылдан астам үзіліс болған жағдайларда, тоқтатылады. 

7. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары ескеріліп әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының барлық пайдаланушылары мен ұйымдары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.  

Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктеріне сәйкес азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру туралы ережені бекітуге құқылы. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармақты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. Авиация персоналының аса маңызды ұшуды орындауы мен қызмет көрсетуіне рұқсат ету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. 

9. Алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10. Әуе кемесінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен байланысты адамдардың осындай қызметті алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң күйінде жүзеге асыруына немесе өз міндеттерін орындау процесінде осындай масаңдыққа ұшырататын заттарды пайдалануына тыйым салынады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

54-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...52 53 54 55 56 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться