Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
56-бап. Әуе кемесiнiң экипажы



Ст. 56 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV




1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ұшуды орындау бойынша әуе кемесін басқару және оған қызмет көрсету жөнiндегі белгiлi бiр мiндеттердi атқару тапсырылған авиация персоналының адамдары әуе кемесiнiң экипажы болып табылады.

Азаматтық әуе кемесінің экипажы кабина экипажын қоса алғанда, ұшу экипажынан және ұшу экипажынан басқа экипаждан тұрады.

Осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген авиация персоналының қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған авиация персоналының куәлігі болған кезде, адам Қазақстан Республикасы пайдаланушысының азаматтық әуе кемесінің ұшу экипажының және ұшу экипажынан басқа экипаждың құрамына кіретін пилот, бортинженер (бортмеханик), штурман немесе бортрадист лауазымын атқарады.

2. Әуе кемесінің ұшу экипажының ең аз құрамын әуе кемесінің үлгісі мен қызметіне, пайдалану мақсаттары мен талаптарына қарай оны жасаушы айқындайды және ол әрбір үлгідегі әуе кемесін ұшуға пайдалану жөніндегі құжаттарда көрсетіледі.

3. Эксперименттік әуе кемесіне сынақ жүргізу кезеңіне ұшу экипажының ең аз құрамын осы әуе кемесін жасаушы айқындайды.

4. Ұшу экипажының құрамы толық болмаса әуе кемесінің ұшуына жол берілмейді.

5. Экипаждың әрбір мүшесінің, егер оның пікірінше, ұшудың сәтті аяқталуына негізді қаупі бар болса, ұшуға тапсырманы орындаудан бас тартуға құқығы бар.

6. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің кабина экипажының мүшелері жолаушыларға қызмет көрсетуде қазақ тілін еркін меңгеруге міндетті.

 Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...111 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 56-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV