Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 57 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
57-бап. Әуе кемесiнiң командирi

1. Белгiленген тәртiппен тиісті оқытудан өткен, пилот куәлігі және осы үлгiдегi әуе кемесiн дербес басқару құқығына рұқсаты бар адам әуе кемесiнiң командирi бола алады. 

Әрбір жекелеген ұшу үшін әуе кемесінің командирін әуе кемесін пайдаланушы немесе жалпы мақсаттағы авиация жағдайында әуе кемесінің иесі тағайындайды. 

1-1. Азаматтық авиацияның әуе кемесінің командирі болып коммерциялық авиациядағы ұшу тапсырмасына немесе жалпы мақсаттағы авиацияның осыған ұқсас құжатына сәйкес өзіне ұшудың (ұшулардың) қауіпсіз аяқталу жауапкершілігі жүктелген, белгілі бір типтегі әуе кемесін өзі дербес басқаруға рұқсаты бар пилот тағайындалады. 

2. Әуе кемесiнiң командирi әуе кемесін басқаруды жүзеге асырғандығына немесе жүзеге асырмағандығына қарамастан, әуе кемесінің ұшуы мен оны пайдалану қағидаларының, әуе кемесiнде тәртiп пен реттiлiктiң, әуе кемесiндегі мінез-құлық ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ борттағы адамдардың қауіпсіздігін, әуе кемесінің, жүк пен мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. 

3. Әуе кемесі командирінің өкімдері әуе кемесінің бортындағы барлық адамдардың орындауы үшін міндетті. 

4. Әуе кемесінің командирі әуе кемесінің бортындағы барлық адамнан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қағидаларды сөзсіз орындауын талап етеді, сондай-ақ әуе кемесінің бортындағы кез келген адамға өз құзыреті шегінде тиісті өкім етеді. 

5. Әуе кемесi командирінің: 

1) әуе кемесінің ұшып көтерілуі, ұшуы және қонуы туралы, сондай-ақ авиациялық оқиғаны болғызбау мақсатында ұшуды тоқтату және әуеайлаққа оралу туралы немесе әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төнген жағдайда мәжбүрлі түрде қону туралы түпкілікті шешімдер қабылдауға құқығы бар. Осындай шешімдер ұшу жоспарынан, әуе қозғалысына қызмет көрсететін (әуе қозғалысын басқаратын) тиісті органның нұсқауларынан тыс және мүмкіндігінше, белгіленген ұшу қағидаларына сәйкес қабылдануы мүмкін; 

2) әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің бортындағы адамға өкім етуге және олардың орындалуын талап етуге; 

3) мынадай:  

өздерінің әрекеттерімен ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін;  

азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бұзатын, оның өкіміне бағынудан бас тартатын адамдарға қатысты барлық қажетті шараларды, оның ішінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға; 

4) ұшуды орындау кезінде қауіпсіздікке қатер төндіргені және (немесе) әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бұзғаны туралы тиісті актіні ресімдеуге; 

5) әуе кемесі жақын арадағы әуеайлаққа келгенде ұшу қауіпсіздігіне және әуе кемесінің бортында мінез-құлық тәртібін ұстауға әсер ететін себептер бойынша кез келген экипаж мүшесін немесе жолаушыны әуе кемесінен түсіруге және оны құқық қорғау органдарына беруге; 

6) егер бұл әуе кемесінің ұшу және оны қондыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болса, ұшу кезінде отынды төгу, багажды, жүкті және почта жөнелтілімдерін лақтыру туралы шешім қабылдауға; 

7) тиісті авиациялық қауіпсіздік қызметтері болмаған кезде жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүкті ұшу алдында жете тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге; 

8) әуе кемесінің ұшуды қауіпсіз аяқтауын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдауға құқығы бар. 

6. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған адамдар туралы ұшу барысында ақпарат алған әуе кемесінің командирі, бұл туралы әуе қозғалысына қызмет көрсететін (әуе қозғалысын басқаратын) тиісті органға хабарлауға, егер бұл осы әуе кемесінің, жолаушылар мен экипаждың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін болса, мүмкіндігінше көмек көрсетуге міндетті. 

7. Авиациялық оқиға болған жағдайда әуе кемесінің командирі өз өкілеттіктерін іздестіру және құтқару қызметтері өкілдеріне бергенге дейін әуе кемесінің бортындағы адамдардың іс-қимылдарына басшылық жасайды. 

8. Әуе кемесінің командирі шұғыл медициналық көмекті талап ететін науқас адамдар, сондай-ақ жұқпалы аурулары бар немесе тамақтан уланған деп күдіктенген адамдар анықталған жағдайда бұл туралы алғаш қонатын әуежай қызметтеріне хабарлауға міндетті. 

9. Әуе кемесінің командирі:  

1) есіктер жабылғаннан кейін әуе кемесінің бортындағы барлық экипаж мүшелерінің, жолаушылардың және жүктің қауіпсіздігіне;  

2) әуе кемесін басқаруға және ұшақ ұшып көтерілу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшу аяқталғаннан кейін ол толық тоқтатылған кезге немесе негізгі қозғалтқыш қондырғы ретінде пайдаланылған қозғалтқыш (қозғалтқыштар) ажыратылғанға дейін оның қауіпсіздігіне;  

3) ұшуға дейінгі, ұшу уақытындағы және ұшудың барлық кезеңдерінен кейін, сондай-ақ авариялық жағдайда ұшу экипаждары қолданатын бақылау карталары жүйесінің сақталуына;  

4) ұшу аяқталғаннан кейін пайдаланушыға әуе кемесіндегі барлық белгілі болған немесе күмән тудыратын ақаулар туралы хабарлауға;  

5) борт журналын жүргізуге немесе бас декларацияны жасауға жауапты болады. 

Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

58-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

58-бап. Авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi


1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлік-авиациялық қызмет басшысы, сапаны бақылау қызметінің басшысы (жеңіл және аса жеңіл авиацияны қоспағанда) азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін басшы жұмыскерлері болып танылады. 

2. Алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. ПАЙДАЛАНУШЫ

Статья 1 ...55 56 57 58 59 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться