Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
58-бап. Авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi

Ст. 58 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлік-авиациялық қызмет басшысы, сапаны бақылау қызметінің басшысы (жеңіл және аса жеңіл авиацияны қоспағанда) азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін басшы жұмыскерлері болып танылады. 

2. Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлері лауазымдарының тізбесін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органының əскери қызметшілеріне олардың жеке басын жəне өкілеттіктерін растау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган қызметтік куəліктер береді. 

Қызметтік куəлікті беру, пайдалану тəртібін жəне оның сипаттамасын мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті органның басшысы бекітеді. 

Мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органы əскери қызметшісінің қызметтік куəлігі оның мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін тексерулерге жəне авиациялық оқиғаларды тергеп-тексерулерге қатысу құқығын растайды. 

Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. ПАЙДАЛАНУШЫ

Статья 1 ...56 57 58 59 60 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 58-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV