Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
59-бап. Тұлғаларға азаматтық әуе кемелерін пайдалануға рұқсат беру



Ст. 59 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV



1. Азаматтық әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етілген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары:

1) сертификаттаудан өткеннен кейін және пайдаланушы сертификатын алғаннан кейін коммерциялық әуе тасымалдарын орындайтын пайдаланушы;

2) сертификаттаудан өткеннен кейін және аваиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алғаннан кейін авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы;

3) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы болуы мүмкін.

2. Жалпы мақсаттағы авиацияға жататын және сертификатталған ең жоғары ұшу массасы кемінде бес мың жеті жүз килограммнан кем болатын әуе кемелерін пайдаланушыларды қоспағанда, пайдаланушылар азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес орындалатын ұшудың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.

Статья 1 ...57 58 59 60 61 ...111 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 59-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV