Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
62-бап. Аэроклуб



Ст. 62 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV



1. Аэроклуб ұсынатын қызметтер көрсетуге пайдаланушылармен жасалған шарттардың есебін аэроклуб жүргізеді.

Аэроклуб пайдаланушы алдындағы өз міндеттемелерін олардың арасында жасалатын шарттың негізінде және пайдаланушымен келісім бойынша басқа аэроклубқа беруге құқылы.

Аэроклубтың қызметтер көрсетуіне арналған үлгі шартты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

2. Аэроклуб авариялық хабар беруді қамтамасыз етеді және оның көрсететін қызметтерін пайдаланатын пайдаланушыларға метеорологиялық және аэронавигациялық ақпаратты, әуе кемелерін ұшуға жарамдылықта ұстау, оларға техникалық және жөндеу бойынша қызмет көрсету, авиация персоналын кәсіптік даярлау, жауапкершілік аймағы шегінде әуе қозғалысына қызмет көрсету, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін ұсынуға құқылы.

3. Аэроклуб ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың орындалуы үшін пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес жауаптылықта болады. 
8-тарау. ӘУЕАЙЛАҚТАР (ТІКҰШАҚ АЙЛАҚТАРЫ).
ӘУЕЖАЙЛАР

Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...111 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 62-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV