Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 63 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
63-бап. Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) сыныптамасы

1. Әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) тиесілігіне қарай: 

азаматтық авиация; 

эксперименттік авиация; 

мемлекеттік авиация әуеайлақтарына (тікұшақ айлақтарына) бөлінеді. 

2. Азаматтық, эксперименттік және мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) сыныптамасын олардың пайдаланылуына, ұшып көтерілу-қону жолағының мөлшерiне және олардың жабын қабатының салмақ көтеру қабiлеттiлiгiне қарай, сондай-ақ әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) байланыс, жарық беру сигналдары және ұшуды радиотехникамен қамтамасыз ету құралдарымен жабдықталуына қарай авиация салаларындағы тиісті уәкілетті органдар айқындайды. 

3. Әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) ұшып көтерілу-қону жолағының үстіңгі қабатының түріне қарай жасанды жабыны бар, топырақ бетіндегі, қар бетіндегі, мұз бетіндегі және су бетіндегі әуеайлақтар болуы, сондай-ақ жүзетін баржалардың, кемелердің және басқа да құрылыстардың үстінде болуы мүмкін.
Статья 1 ...61 62 63 64 65 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 63-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV