Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 65 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
65-бап. Әуежай қызметі

1. Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері кіреді, олардың тізбесін азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Әуежай қызметіне жатпайтын басқа қызмет түрлерін әуежайды пайдаланушы не әуежайды пайдаланушымен әуежай аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларына сәйкес жасалатын шарт бойынша өзге де жеке және заңды тұлғалар әуежай аумағында жүзеге асыра алады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасымен әуежайдың реттелетін қызметтеріне жатқызылған және әуежайды пайдаланушы жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі әуеайлаққа қызмет көрсету деп танылады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың төртінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Әуежайды пайдаланушы және (немесе) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өзі дербес қызмет көрсететін авиакомпания жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі жерде қызмет көрсету деп танылады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан аз болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекіткен әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әуежайды пайдаланушы әуежай аумағына жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат бере алады.  

Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан көп болған кезде әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсыну үшін әуежай аумағында оларды көрсететін жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат беруге міндетті. 

Әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну тәртібі мен шарттары, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге қойылатын талаптар және жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттың нысаны әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушімен немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпаниямен жасасатын шартта жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартқа сәйкес әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін өтемақы төлемін төлеу көзделуге тиіс.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуынан негізсіз бас тартуға құқылы емес.  

Әуежайды пайдаланушының әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға бас тарту туралы шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Әуежайды пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкес әуежай қызметіне кіретін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.  

Әуежайды пайдаланушы ұсынылатын қызметтердің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкестігін айқындау үшін өздері ұсынатын қызметтердің және (немесе) жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші көрсететін қызметтердің сапасына тұрақты негізде аудит жүргізеді. Мұндай аудитті жүргізу азаматтық авиация ұйымдары арасында шарттық негізде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...63 64 65 65‑1 65‑2 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться