Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
67-бап. Әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) есепке алу



Ст. 67 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV



1. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардан (тiкұшақ айлақтарынан) басқа, азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын әуеайлақтар (тiкұшақ айлақтары) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының) тiзiлiмiнде есепке алынуға жатады.

Азаматтық авиация ұйымдары әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) ашқан кезде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға:

1) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) орналасқан жер учаскесiне немесе басқа объектiге құқық туралы (жердi тұрақты немесе уақытша өтеулі пайдалану) құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;

2) әуеайлаққа (тiкұшақ айлағына) меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, қабылдау-беру актiсi, теңгерiмге беру туралы бұйрық, меншiк, мүлiктiк жалдау, сенiмгерлiк басқару құқығы және т. б.) көшiрмелерiн;

3) әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) техникалық сипаттамалары, географиялық координаттары мен орналасқан орны (елдi мекен) туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтiнiш жолдайды.

Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органда әуеайлақтардың (тiкұшақ айлақтарының) жабылуы азаматтық авиация ұйымының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.

2. Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тiкұшақ айлақтарын), бiрлесiп пайдаланылатын және бiрлесiп орналастырылатын әуеайлақтарды есепке алуды азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

3. Пайдаланушылар сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын), қону алаңдарын азаматтық және мемлекеттiк авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар айқындаған тәртiппен есепке алуға тиiс.

 Ескерту. 67-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...65-1 66 67 68 69 ...111 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 67-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV