Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
70-бап. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайлар

Ст. 70 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) халықаралық ұшуларды орындайтын барлық азаматтық әуе кемелері халықаралық ұшуға арналған ашық халықаралық әуежайда ұшуды және қонуды жүзеге асыруға тиіс. 

Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

2. Алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтарын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 70-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV