Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
71-бап. Әуеайлақтар мен әуежайларды немесе арнайы объектілерді салу, реконструкциялау, тарату немесе көшіру

Ст. 71 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Әуежайды, сыныпталған әуеайлақты (тікұшақ айлағын) салу мен реконструкциялау жобалары ұшу қауіпсіздігін, авиациялық және қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ әуежайға қызмет көрсету үшін көлік инфрақұрылымының (жолдар мен басқа да жер үстіндегі қатынас жолдары, телекоммуникациялар) қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздеуге тиіс.  

2. Әуеайлақты салу немесе реконструкциялау кезінде әуеайлақты салу немесе реконструкциялау толық аяқталғанға дейін әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақта ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз еткен жағдайда, жекелеген технологиялық аяқталған объектілердің әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға уақытша жіберуге рұқсат беріледі. Әуеайлақты пайдаланушы уақытша жіберуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.  

3. Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе басқа жерге көшіру меншік иесiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 

Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...69 70 71 72 73 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 71-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV