Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
79-бап. Авиамаршруттар

Ст. 79 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Тұрақты және тұрақты емес коммерциялық әуемен тасымалдау авиамаршруттар бойынша жүзеге асырылады. 

2. Авиамаршруттар халықаралық маршруттар және iшкi маршруттар болып бөлінеді. 

Тұрақты коммерциялық әуемен тасымалдауды жүзеге асыруға арналған халықаралық авиамаршруттар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады. 

Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат ету қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сай авиакомпанияларға ішкі тұрақты коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат етіледі. 

2-1. Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберу қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкессіздік авиакомпанияны тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.  

Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберу қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарын авиакомпания сақтамаған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұрын берілген рұқсатты үш айға дейін тоқтата тұрады. Тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар осы тармақта белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, бұрын берілген рұқсат қайтарып алынады. 

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын авиамаршруттар бойынша тұрақты тасымалдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын, авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуiне қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жатады. 

Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...77 78 79 80 81 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 79-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV