Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 93 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
93-бап. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру

1. Қазақстан Республикасының әуе кемесімен не шет мемлекеттің әуе кемесімен Қазақстан Республикасының аумағында болған авиациялық оқиға немесе инцидент міндетті түрде тексерілуге жатады. 

2. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру мақсаты оқиғаның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, болашақта авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады. 

Кімнің болсын кінәсі мен жауапкершілігін анықтау авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексерудің мақсаты болып табылмайды. 

Азаматтық және эксперименттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақтың төртінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Тізбесі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген оқыс оқиғалардың жекелеген түрлерін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелері шеңберінде пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) дербес тергеп-тексереді. Мұндай тергеп-тексерулер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) түпкілікті есепті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға береді.  

Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді комиссия мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес жүргізеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады. 

Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады. 

Тергеуді ұйымдастыру кезінде авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның қызметіне, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға жол берілмейді. 

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиғаға немесе инцидентке қатысты оқиға болған жерлерді, объектілерді және сынықтарды тексеруге, жұмыстарға сарапшыларды тартуға, көрген адамдардан сұрауға, авиациялық оқиғаның немесе инциденттің және (немесе) ілеспе факторлардың себептерін анықтап белгілеу үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға, осындай авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге құқылы. 

Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жүргізілетін тергеп-тексеру кезінде объективтілік пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс. Тергеп-тексерудің тәуелсіз болуы мақсатында авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүдделер қақтығысын болғызбауды ескере отырып қалыптастырылады. 

4. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік әуе кемесімен болған авиациялық оқиға немесе инцидент авиация саласындағы уәкілетті органдар комиссияларының тексеруіне жатады немесе оны өзара келісім бойынша әуе кемесі тіркелген елдің (пайдаланушының) шет мемлекеті тексереді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Егер Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы оны пайдаланушы болып табылатын азаматтық авиацияның әуе кемесі шет мемлекеттің аумағында авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға ұшыраған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына және азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес әрекеттерін жүзеге асырады. 

6. Тергеп-тексеру процесінде авиациялық оқиға туралы ақпарат тек нақты деректермен шектеледі. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналар:  

1) тергеп-тексеру процесінде жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер;  

2) әуе кемесін пайдалануға қатысы бар адамдар арасындағы хат жазысу туралы мәліметтер;  

3) авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысушы адамдарға қатысты медициналық деректер және (немесе) биометриялық және (немесе) дербес деректер;  

4) борттағы өздігінен жазатын құрал жазбалары және осындай жазбалардың түсіндірілетін мағынасы;  

5) әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару органдарының жазбалары және жазбалардың түсіндірілетін мағыналары;  

6) экипаж кабинасындағы көрнекі мән-жайды жазатын құралдардың жазбалары мен осындай жазбалардың кез келген бөлігі немесе түсіндірілетін мағынасы;  

7) борттағы өздігінен жазатын құралдар жазбаларын қоса алғанда, тергеп-тексеруге қатысты ақпаратты талдау кезіндегі комиссия мүшелерінің не тартылған сарапшылардың не әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің уәкілетті өкілдерінің (пайдаланушының, әзірлеушінің немесе дайындаушының) пікірлері (нұсқалар, өтініштер) қамтылған ақпарат жария етілмейді. 

Осы тармақта көрсетілген ақпарат түпкілікті есепке енгізіледі немесе авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны талдауға қатысы болған жағдайда ғана оған қосылады. Осындай талдауға қатысы жоқ жазбалардың бөліктері жария етілмейді. 

7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салуы бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы ұсынуға міндетті.  

8. Азаматтық және мемлекеттік авиациялар салаларындағы уәкілетті органдар жүргізетін авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдары жүргізетін тергеп-тексерулерден тәуелсіз болып табылады. 

Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...91 92 93 93‑1 94 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться