Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
99-бап. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының iс-әрекеттері



Ст. 99 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV



1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiнің экипажы Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларына сәйкес шаралар қабылдауға және адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға және мүлiктi, оның ішінде әуе кемесiн сақтауға мүмкiн болатын өзге де шараларды қолдануға міндетті.

2. Апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң экипажы өз өкiлеттiктерiн азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдеріне тапсырғанға дейiн борттағы адамдарды, мүлiктi құтқару мен олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, әуе кемесiнiң өзiн сақтау жөнiнде барлық мүмкiн болатын шараларды қолдануға мiндеттi. Әуе кемесi экипажының барлық мүшелерi адамдарды, мүлiктi және әуе кемесiн құтқаруға қатысуға мiндеттi.

3. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң командирi азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдері келгенге дейін осы әуе кемесiнiң бортындағы адамдардың iс-әрекеттеріне басшылық жасайды.

 Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...97 98 99 100 101 ...111 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 99-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV