Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалану



Ст. 15 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29



1. Пайдаланылмайтын әскери мүлiкті қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығында бекітіліп берiлген және қорғаныс мұқтажын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлiк иеліктен шығаруға жатпайды.

2. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейбiт уақытта пайдаланбайтын қорғаныс объектiлерi бюджет қаражаты есебiнен консервациялануға тиiс немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүліктік жалға (жалгерлiкке берiлуi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізiнде басқа мемлекеттердің ұйымдарына берiлуi мүмкін.

3. Пайдаланылмайтын әскери мүлiк Қазақстан Республикасының Yкiметі белгілеген тәртіппен iске асырылуы мүмкін.

3-1. Әскери қарсы барлау органдары орналасқан қорғаныс объектілерін күзету мен күтіп-ұстауды аталған объектілер жедел басқаруында болатын Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға осы мақсаттар үшін бөлінетін бюджет қаражаты есебінен олар жүзеге асырады.

 РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақ 2003.08.01 бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен:

1) соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарамсыз күйге түскен немесе Қарулы Күштердiң жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлікті есептен шығарады;

2) өздерiнiң жедел басқаруындағы әскери мүлiктің есебін жүргізедi.

 Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 14-1 15 16 17 ...34 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29