Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары

1. Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қарулы Күштердi əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уəкілетті орган болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі:

1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;

2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;

3) Қарулы Күштердің, Қорғаныс министрлігінің жəне Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын жəне штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді жəне бекітеді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;

3-1) әскери жоспарлау жүйесін әзірлейді;

4) мемлекетте бiрыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізедi;

5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;

5-1) экономиканы, мемлекеттік органдарды жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын бекітеді;

5-2) Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

5-3) Қарулы Күштерді навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

5-4) Қарулы Күштерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерi мен арнаулы әскерлердiң жедел мақсаттары мен мiндеттерiн, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасауда қолданылуын айқындайды;

7) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;

8) Қарулы Күштерде әскерлердi инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;

9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;

10) әскери қызметке шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіредi;

11) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

11-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

12) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқықтық тәртiптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерi мен азаматтық персоналды әлеуметтiк және құқықтық кепілдiктермен қамтамасыз етедi;

13) əскери қызмет өткеру, қорғаныс жəне Қарулы Күштер мəселелерi бойынша өз құзыретi шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды;

13-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;

14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асырады;

15) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты даярлау және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін бақылайды;

15-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары үшін қару-жарақты, әскери техниканы және арнаулы құралдарды сақтауды ұйымдастырады және олардың запастарын құрады;

16) Қарулы Күштерде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;

16-1) Қарулы Күштердің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

16-2) Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

17) Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;

17-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды;

17-2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;

17-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;

18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;

18-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;

19) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасы кадастрын бекітеді;

20) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;

21) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;

22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;

23) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;

24) тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді;

25) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

26) әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ереженi бекітеді;

26-1) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;

26-2) Қарулы Күштердің əскери қалашықтары мен оқу орталықтары аумағында орналасқан объектілерде ветерина- рия жəне санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ішкі бақылауды жүзеге асырады;

26-3) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уəкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;

26-4) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-5) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып аумақтық əскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды;

26-6) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-7) Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын əзірлейді жəне бекітеді;

26-8) Қарулы Күштердегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-9) Қарулы Күштерде жұмылдыру, жедел жəне жауынгерлік дайындық, шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;

26-10) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;

26-11) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-12) Қарулы Күштерде əскери-тарихи жəне мəдени жұмысты ұйымдастырады;

26-13) бастапқы əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-14) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-15) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-16) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-17) Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-18) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;

26-19) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;

26-20) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-21) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-22) Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-23) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасын құру және тарату туралы шешім қабылдайды;

26-24) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

26-25) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қағидалар мен нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

26-26) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

26-27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

26-28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;

26-29) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;

26-30) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

26-31) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...20 21 22 23 23‑1 ...34

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться