Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
31-бап. Аумақтық қорғаныс



Ст. 31 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29



1. Аумақтық қорғанысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырады. 

2. Аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауға жəне орындауға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары тартылады. 

3. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде, соғыс уақытында аумақтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады. 

4. Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттерін жəне оны ұйымдастыру жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 

5. Аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін жергілікті атқарушы органдар аумақтық əскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді. 

6. Төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою мақсатында аумақтық əскерлерді арнайы өрістету жүзеге асырылады. 

7. Аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар арнаулы құралымдарды құрады. 

Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...29 30 31 31-1 32 ...34 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29