Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері



Ст. 6 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29



Қазақстан Республикасының Парламентi: 

1) Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгізедi; 

2) соғыс және бiтім мәселелерiн шешедi; 

3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Қарулы Күштердi бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы шешім қабылдайды; 

4) әскери атақтарды белгілейдi; 

5) қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегі халықаралық шарттарды бекітеді және күшiн жояды; 

6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...34 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29