Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары



Ст. 8 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29



Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегiнде: 

1) аумақтық қорғаныс іс-шараларына саланың жұмылдыру даярлығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілердi, қорғаныс мұқтажы үшін қажетті өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөнiндегi қуаттарды жасауға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдырылатын резервтердiң жинақталуын қамтамасыз етеді; 

2) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етедi; 

3) соғыс уақытында саланың тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады, оны соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс режимiне көшiру жоспарларын әзiрлейді; 

4) ел аумағын жедел жабдықтау жөнiндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады; 

5) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргiзедi және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз етеді; 

6) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысады, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 

7) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...34 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29