Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары



Ст. 9 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29



Жергілiкті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:

1) аумақты жедел жабдықтау iс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;

2) қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргізудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;

3) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;

4) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;

5) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

6) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

7) өзiнiң қорғаныс саласындағы қызметін әскери басқару органдарымен үйлестіреді және келiседi;

8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 367-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...34 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29