Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бiлiм туралы
22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары



Ст. 22 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы



1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары жоғары білікті ғылыми және педагог кадрлар даярлауға, олардың ғылыми және педагогтік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған. 

2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндік пәндерді қамтитын теориялық оқытуды; практиканы; диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейді. 

3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізбесін бекіткен клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...68 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы