Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бiлiм туралы

Бiлiм туралы
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті



Ст. 43 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы



1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады. 

2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді. 

3. Білім беру ұйымдарының құзыретіне мынадай функциялар: 

1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту; 

2) әскери мамандықтар және арнаулы мемлекеттік органдар оқу орындарының және құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының мамандықтары бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын бекітуден басқа, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту; 

2-1) қысқартылған оқыту мерзімімен білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту; 

3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру; 

4) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде оқытудың кредиттік технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу; 

5) ұлттық бірыңғай тестілеу мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргізу; 

6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету; 

8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау; 

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну; 

10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту; 

11) білім алушыларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету; 

12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету; 

13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету; 

14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу; 

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету; 

16) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 

17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға "бакалавр" және "магистр" академиялық дәрежелерін беру; 

18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады. 

4. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын өз бетінше бекітеді. 

5. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдары білім беру қызметін өз бетінше әзірлеген білім беретін оқу бағдарламалары, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның арақатынасы, оқу жүктемесінің нормалары, еңбекақы төлеу нысандары мен мөлшерінің негізінде жүзеге асырады.

 Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...68 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 43-бап Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы