Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Бiлiм туралы
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды: 

1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; 

2) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады; 

3) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады; 

4) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекітеді; 

5) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді; 

6) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді; 

7) білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулердің жүргізілуін үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындауды, сондай-ақ "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, қолдап отыруды, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, оны интеграциялауды және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды; 

8) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді; 

9) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді; 

10) "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 

11) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 

12) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді; 

13) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізілімдеріне енгізу және олардан шығару негіздерін бекітеді; 

14) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді; 

15) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекітеді; 

16) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келіседі; 

17) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекітеді; 

18) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жасау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 

19) заңды тұлғаларға: 

мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары және күндізгі оқыту және онлайн-оқыту нысандары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру; 

мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары және күндізгі оқыту және онлайн-оқыту нысандары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру; 

рухани білім беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді; 

20) білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 

21) балаларға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және қосымша білім беру бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады; 

22) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiтедi; 

23) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді; 

24) "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекітеді; 

25) "Орта бiлiм беретін үздiк ұйым", "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын бекiтедi; 

26) халықтың тығыздығына және елді мекендердің шалғайлығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді; 

27) денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) қоспағанда, мыналарды: 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; 

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; 

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді; 

28) аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекітеді, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастырады және бекітеді, сондай-ақ оларды оған енгізу, оны тоқтата тұру және одан шығару негіздерін бекітеді; 

29) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді; 

30) тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекітеді; 

31) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекітеді; 

32) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекітеді; 

33) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді; 

34) орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ережені бекітеді; 

35) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекітеді; 

36) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді; 

37) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау бағыттарының сыныптауышын бекітеді; 

38) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындайды; 

39) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекітеді; 

40) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекітеді; 

41) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 

42) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекітеді; 

43) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын бекітеді; 

44) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекітеді; 

45) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекітеді; 

46) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекітеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

46-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

47) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін бекітеді; 

48) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 

49) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекітеді; 

50) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді; 

51) мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын бекітеді; 

52) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекітеді; 

53) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асырады; 

54) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекітеді; 

55) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекітеді; 

56) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды бекiтедi, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады; 

57) білім беру қызметінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарын бекітеді; 

58) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекітеді; 

59) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекітеді; 

60) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты бекітеді; 

61) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік беру мөлшерін айқындау қағидаларын бекітеді; 

62) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 

63) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді; 

64) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді; 

65) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекiтедi; 

66) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптама жасау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекітеді; 

67) республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда бекітеді; 

68) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді; 

69) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады; 

70) жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекітеді; 

71) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекітеді; 

72) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын бекітеді; 

73) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекітеді; 

74) жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекітеді; 

75) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы мөлшерін бекітеді; 

76) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi; 

77) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады; 

78) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітеді; 

79) педагогикалық әдеп қағидаларын бекітеді; 

79-1) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын, орта, қосымша, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беретін педагогтерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді; 

80) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітеді; 

81) педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 

82) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді; 

83) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекітеді; 

84) алып тасталды – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

85) салалық көтермелеу жүйесін бекітеді; 

86) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының қағидаларын белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді; 

87) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді; 

88) студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекітеді; 

89) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекiтедi; 

90) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекітеді; 

91) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді; 

92) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және ендіру қағидаларын бекітеді; 

93) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 

94) білім беру ұйымдары, оның ішінде шағын жинақталған мектептер түрлерінің номенклатурасын бекітеді; 

95) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алады; 

96) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді; 

97) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін (бұдан әрі – жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі) әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді; 

98) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді; 

99) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді; 

100) экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекітеді; 

101) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекітеді; 

102) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 

103) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекітеді; 

104) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды олар орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 

105) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді; 

106) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекітеді; 

107) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекітеді; 

108) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекітеді; 

109) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекітеді; 

110) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келіседі; 

111) бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекітеді; 

112) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді; 

113) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекітеді; 

114) мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесін бекітеді; 

115) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді; 

116) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді. 

Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 8), 9), 14), 20), 22), 23), 29), 30), 31), 32), 36), 38), 39), 40), 44), 45), 62), 66), 73), 78), 80), 81), 82), 83), 85), 88), 89), 90), 94), 97), 100), 101), 106), 107), 108), 109), 114) және 115) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Сот төрелігі академиясына қолданылмайды. 

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...3 4 5 5‑1 5‑2 ...68

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться