Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бiлiм туралы

Бiлiм туралы
57-бап. Білім беру қызметін лицензиялау



Ст. 57 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы



1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі – лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша жүргізіледі.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте, лицензияға қосымшаларда мамандық немесе біліктілік бойынша шифр, атауы, оқу мерзімі көрсетіледі.

3. Лицензиар лицензияны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.

4. Халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметіне лицензияның қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.

4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия негізінде жүзеге асыруға құқылы.

5. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін лицензияның қолданысын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.

6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметінің тиісті түрін және (немесе) кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта ресімдеуге жатады.

Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыруды жүргізгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат лицензияны қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиат Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;

2) өзінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.

Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша бастама жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны:

1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;

2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қайта ресімдеуден бас тартады.

Лицензия және оған қосымшалар тиісті құжаттармен өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.

Лицензия қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімдеуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.

 Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...55 56 57 57-1 58 ...68 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 57-бап Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы