Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қоғамдық бiрлестiктер туралы

Қоғамдық бiрлестiктер туралы
12-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысы



Ст. 12 Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3



Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында мыналар көзделуге тиiс:

1) қоғамдық бiрлестiктiң атауы, қызметiнiң мәнi мен мақсаттары;

2) қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу), мүшелiкке ие болу және одан айрылу ережесi мен тәртiбi, мүшелердiң (қатысушылардың) құқықтары мен мiндеттерi;

3) қоғамдық бiрлестiктiң ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлiмшелердiң (филиалдар мен өкiлдiктердiң) құқықтық жағдайы және шегiнде өз қызметiн жүзеге асыратын аумақ;

4) басшы органдарды құру тәртiбi, олардың құзыретi мен өкiлеттiк мерзiмдерi, қоғамдық бiрлестiктiң тұрақты жұмыс iстейтiн басшы органы орналасқан орын;

5) қоғамдық бiрлестiктiң ақша қаражаты мен өзге де мүлкiнiң қалыптастырылу көздерi, қоғамдық бiрлестiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) мүлiктi басқару жөнiндегi құқықтары;

6) қоғамдық бiрлестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;

7) қоғамдық бiрлестiктi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi, қоғамдық бiрлестiк таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры.

Жарғыда қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне қатысты, Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелердiң көзделуi мүмкiн.

Жарғы қабылдау, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы - съездiң (конференцияның, жиналыстың) құзыретiне ғана жатады.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3