Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қоғамдық бiрлестiктер туралы

Қоғамдық бiрлестiктер туралы
13-бап. Қоғамдық бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу



Ст. 13 Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3



Республикалық, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердi, шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.

Қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу мен қайта тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүргiзiледi.

Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу үшiн ол құрылған күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға өтiнiш берiледi. Өтiнiшке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, бiрлестiктi құру бастамашылары туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алымның төленгенiн растайтын құжаттар қоса тiркеледi.

Қоғамдық бiрлестiктi тiркеу туралы өтiнiш беру үшiн белгiленiп, дәлелдi себептермен өткiзiп алынған мерзiмдi тiркеудi жүзеге асыратын орган қалпына келтiредi.

 Заңдарда көзделген реттерде қоғамдық бiрлестiк қайта тiркелуге тиiс.

Қоғамдық бiрлестiктердi тiркеу және қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенi үшiн алым алынады.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.03.23 N 39, 2001.12.24 N 276 Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3