Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қоғамдық бiрлестiктер туралы

Қоғамдық бiрлестiктер туралы
3-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдар



Ст. 3 Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3



Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актiлерiнен тұрады.

Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртiбi мен қызметi өзге заң актiлерiмен белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бiрлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актiлерiмен реттелуi мүмкiн. Аталған қоғамдық бiрлестiктердiң өзге заң актiлерiмен реттелмеген қызметi осы Заңмен реттеледi.

 Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.04.29 N 154-IV Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3