Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қоғамдық бiрлестiктер туралы

Қоғамдық бiрлестiктер туралы
6-бап. Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi



Ст. 6 Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3



Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актiлерi шеңберiнде жүзеге асырады.

Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi.

Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды. Ресми құжаттарда қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу) туралы көрсетудi талап етуге жол берiлмейдi.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3