Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қоғамдық кеңестер туралы

Қоғамдық кеңестер туралы
1-бап. Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі



Ст. 1 Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ



1. Қоғамдық кеңестер – осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды.

2. Мемлекеттік органдардың жанынан осы Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқау органдары және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.

3. Қоғамдық кеңестер осы Заңда көзделген тәртіппен қалыптастырылады.

4. Қоғамдық кеңестер екі деңгейде – республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады. Қоғамдық кеңестер автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар құратын қоғамдық кеңестер жатады.

6. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.

7. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

8. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.

9. Тиісті өңірдегі, саладағы, қызмет аясындағы әлеуметтік-экономикалық даму және істердің жай-күйі үшін жауапкершілік Қоғамдық кеңеске жүктелмейді және мемлекеттік органдарда болады.

Статья 1 2 3 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ