Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы

Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі



Ст. 22 Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93



1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септігін тигізетін қасақана іс-әрекеттері;

2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.

2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:

1) сақтанушының зиян келтіруге кінәлі тұлғадан зиянның тиісті өтемін алуы;

2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;

3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

4) сақтанушының сақтандыру жағдайынан келетін залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;

5) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тексеруіне және келтірілген залалдың мөлшерін анықтауына сақтандырушының кедергі келтіруі;

6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды оған беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру өтемі төленіп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.

3. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.

4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мәлімдеген тұлғаға бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі келтірілген сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.

5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) соғыс қимылдарының, азамат соғысының, кез келген түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің;

2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

6. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен осы бапта көзделмеген негіздер бойынша бас тартуға құқылы емес.

Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...20 21 22 23 24 25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93