Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы

Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы
8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы



Ст. 8 Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93




1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбірленуші деп танылған тұлғаларға қатысты қолданылады.
  

2. Жауапкершілігі осы Заңның 5-бабына сәйкес міндетті экологиялық сақтандыруға жататын сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі ретінде сақтандырылған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға зиян келтірілгені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасалады. 

3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. 

4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады. 

5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.


Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93