Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
14-бап. Төлеушілер

1. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер және арнаулы салық режимдерін қолданатын және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдар төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады. 

2. Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады:  

1) мемлекет; 

2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер; 

2-1) арнаулы салық режимдерін қолданатын және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын адамдар. 

Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды. 

3) дара кәсіпкерлер; 

4) жеке практикамен айналысатын адамдар; 

5) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7) алып тасталды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар); 

9) мыналарды: 

осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 8) және 10) тармақшаларында; 

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында; 

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан басқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарынан және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – дербес төлеушілер); 

10) 01.01.2024 дейін қолданыста болды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен;

11) жеке көмекшілер. 

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен қандастарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды. 

3. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің кірістері есебінен жүзеге асырады. 

4. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі – салық агенті) осындай жеке тұлғалардың кірістері есебінен жүзеге асырады. 

4-1. Жеке практикамен айналысатын адамдардың, дара кәсіпкерлердің, дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады. 

4-2. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес материалдық пайда төлеген кезде жүзеге асырады. 

5. Төлеушілердің: 

1) аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтарып алуға; 

1-1) алдыңғы кезең үшін берешегі болмаған кезде аударымдардың және (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын қайтарып алуға; 

2) аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы қажетті ақпаратты қордан сұратуға және тегін алуға; 

3) осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар. 

6. Төлеушілер (осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 8), 9) , 10) және 11) тармақшаларында аталған тұлғаларды қоспағанда): 

1) аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды уақтылы және толық көлемде есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға; 

2) қорға төленетін аударымдардың және (немесе) жарналардың мөлшерлерін есептеу мен қайта есептеуді дербес жүзеге асыруға міндетті. 

7. Жұмыс берушілер, салық агенттері жұмыскерлерді, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларды жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың ай сайынғы жүргізілген аударымдары, сондай-ақ ұстап қалған және аударылған жарналары туралы хабардар етуге міндетті. 

Жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде оларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ұсталған және аударылған жарналар туралы хабардар етуге міндетті. 

8. Жұмыс берушілер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, салықтар мен әлеуметтік төлемдердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті белгіленген қызмет түрлерінің тізбесіне жататын еңбек қызметі кезеңінде кіріс алған немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезеңінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған құқықтық актілердің ережелеріне сай өздері үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар есептелмейтін және (немесе) төленбейтін қызметкерлердің тізімдерін қорға береді. 

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 52-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться