Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
19-бап. Қордың қызметі



Ст. 19 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ




1. Қор өзінің қызметін қордың активтерінен алынатын комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады. Комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Қордың меншікті қаражаты (мүлкі) қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және содан тұрады.

3. Қор мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:

1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде түсетін қаржы қаражатын жинауды;

2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектілері арасында осындай қаржы қаражатын бөлуді жүзеге асырады.

4. Қор мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты мынадай қызмет түрлерін:

1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізуді;

2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізуді;

3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесі мен электрондық ақпараттық ресурстарын құруды және дамытуды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

6. Қордың қызметіне осы Заңда реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы қолданылады.


Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ