Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы



Ст. 2 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ



1. Алып тасталды - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады. 

3. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады. 

Шетелдіктердің бірге тұратын жұбайы (зайыбы) және балалары олардың отбасы мүшелері болып табылады. 

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 2 3 4 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-бап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ