Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
32-бап. Жүргізілген аударымдар туралы хабарлау



Ст. 32 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ



1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жұмыс беруші болып табылатын төлеуші есепке жазылған аударымдар және (немесе) жарналар жөніндегі мәліметтер көрсетілетін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде табыс етеді.

2. Декларацияның нысаны және оны жасау тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.

3. Жұмыс берушілер уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес әрбір жұмыскер бойынша есептелген (ұстап қалған) және аударылған аударымдарды және (немесе) жарналарды бастапқы есепке алуды жүргізуге міндетті.

4. Жұмыс беруші аударымдар және (немесе) жарналар төленетін жұмыскерлерге есептелген (ұстап қалған) және аударылған аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ