Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
6-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы



Ст. 6 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ



1. Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын таңдауға құқығы бар.

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

2. Азаматтардың жоспарлы медициналық көмек алу жағдайларында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.

3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдау құқығы азаматтарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алған кезден бастап туындайды. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

7-бап 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 13.11.2015 № 405-V Заңымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ