Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 

2) асырауындағылар санының коэффициентi – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнiң санына қарай айқындалатын коэффициент; 

3) асыраушы – өзiнiң асырауындағы отбасының еңбекке қабiлетсiз мүшелерiн өз кірісі есебiнен асырайтын адам; 

4) әлеуметтiк аударымдар – әлеуметтік аударымдарды төлеушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақша; 

5) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек –Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген әлеуметтік аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;  

6) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі – әлеуметтiк аударымдар есептелетін объектiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен (қолданыстағы редакциясын осы Заңның 39-бабы 4-тармағы 1) тармақшасынан қараңыз).

7) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам; 

8) әлеуметтiк тәуекел – еңбекке қабілеттіліктен айырылуға және (немесе) жұмысынан айырылуға, асыраушысынан айырылуға, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуға әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады; 

9) әлеуметтiк төлемдер – әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер; 

10) әлеуметтiк төлемді алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік тәуекел жағдайы басталғанға дейін өзі үшін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтiк төлемдерді тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi; 

10-1) бірыңғай төлем төлеуші – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабында айқындалған салық агенті; 

11) еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті – жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күндердің санына қарай айқындалатын коэффициент; 

12) еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициентi – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент; 

13) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор; 

14) инвестициялық декларация – Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инвестициялау үшін мақсаттарды, стратегияны, объектілер тізбесін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шарттары мен шектеулерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат; 

15) инвестициялық кіріс – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алынуға жататын) ақша;  

16) кірісті ауыстыру коэффициентi – әлеуметтік тәуекел жағдайына қарай айқындалатын коэффициент; 

17) қатысу өтілінің коэффициентi – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне жалпы қатысу өтіліне қарай айқындалатын коэффициент; 

18) қор активтері – осы Заңда көзделген мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары; 

19) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі; 

20) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – қор) – әлеуметтік аударымдарды жинақтауды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға; 

21) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру – осы Заңда көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы; 

22) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi – мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы; 

23) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне жалпы қатысу өтілі – әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны; 

24) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушы – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға; 

25) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің субъектілері – төлеушi; мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Мемлекеттік корпорация; қор; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; орталық атқарушы орган; міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган; мемлекеттік кіріс органдары; халықты жұмыспен қамту орталығы; 

26) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі;  

27) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, қордың қызметiн реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;  

28) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға; 

29) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе. 

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться