Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 10-1 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті

1. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін: 

1) өздері үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды; 

2) Қордың қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды; 

3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толықтыруды және жаңартып отыруды; 

4) алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы қажеттілігін, графиктерін және әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді қалыптастыруды; 

6) уәкілетті органға және Қорға міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпарат беруді; 

7) алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсынуды; 

9) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды аударуды, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Қорға олар Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтаруды; 

9-1) төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды Қордың қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қамтамасыз етуді; 

10) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды; 

11) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады. 

2. Мемлекеттік корпорация: 

1) әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды; 

2) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды; 

3) әлеуметтік төлемдерді және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын; 

4) әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды есепке алу мен аудару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады. 

3. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. 1-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 10‑1 11 12 ...35

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-1-бап Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405