Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
12-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының, ал ол қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерiнің және алушының: 

1) қорға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті: 

жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС бөлімшесі арқылы; 

өтініш жасаған кезде жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде Мемлекеттік корпорация арқылы беруге; 

2) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге; 

3) қорға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті: 

егер адам жұмыссыз ретінде тіркелген болса, Мемлекеттік корпорация арқылы; 

жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы; 

жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы; 

"Электрондық еңбек биржасы" порталында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде аталған портал арқылы беруге; 

4) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге; 

4-1) қорға бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішті:  

Мемлекеттік корпорация арқылы; 

"электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беруге; 

5) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, қордан осы Заңда көзделген тәртiппен әлеуметтiк төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен алуға; 

6) төлеушіден, Мемлекеттік корпорациядан, қордан, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты тегін сұратуға және алуға; 

7) Мемлекеттік корпорациядан және қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты тегін сұратуға және алуға;  

8) қордың және осы тармақта көрсетілген өзге мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың осы Заңда белгіленген құқықтарды шектеуге байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар. 

2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы, ал ол қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерi және алушы: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті анық құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуға; 

2) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды жүргізуге; 

3) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны қордың әлеуметтік төлемдер жөніндегі міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті. 

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться