Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
19-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтініш жасау және әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға арналған құжаттарды қараудың мерзімдері

1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен қоса орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру жолымен жүзеге асырылады. Өтінішке тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріледі. 

Әлеуметтік төлемдерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде оларды тағайындау туралы өтініш ұсыну талап етілмейді. 

2. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұрау салынған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік орган немесе ұйым өтініш берушіні құжаттардың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.  

3. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде немесе әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап оларды, жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті, беру мерзімі екі жұмыс күнінен аспайтын құжаттарды қоспағанда, қорға береді. 

4. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, қор өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады. 

5. Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда қор мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге сұрау салулар жіберуге құқылы. Бұл peттe өтiнiш беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешiм қабылдауда орын алған іркіліс және шешiм қабылдаудың ұзартылу, бірақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылу мерзiмдерi туралы жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда хабарлануға тиiс. 

6. Келесі өтiнiш жасау кездерінде әлеуметтік төлемдер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады. 

Қордың шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 

7. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады. 

Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық: 

еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына – МӘС бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап; 

асыраушысынан айырылу жағдайына – қайтыс болу туралы куәлiкте немесе хабарламада көрсетiлген қайтыс болған күннен бастап не соттың азаматты – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап не соттың оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап; 

жұмысынан айырылу жағдайына – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап; 

жүктiлiкке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына –жүктiлiк және босану бойынша демалыс берiлген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетiлген күннен бастап; 

жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына – жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берiлген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетiлген күннен бастап; 

бала бір жарым жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына – баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған және балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды. 

Жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап – он екі айдан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына он сегіз айдан аспайды. 

Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш жасау мерзімі он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасалған күнге қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспайды. 

8. Өтініш осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органда немесе ұйымда тіркелген күн немесе әлеуметтік төлемдерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күн қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі. 

Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, тағайындалу мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы әлеуметтік төлемдер тағайындауға келісім алынған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қоспағанда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі сегіз жұмыс күнінен аспайды. 

9. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) қордың кiнәсiнан уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдердің сомасы әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап өткен уақыт үшiн мерзiмдерi шектелмей төленеді. 

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться