Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
21-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем

1. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің: 

1) он сегіз жасқа толмаған және егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген болса, осы жастан асқан балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар. 

Бұл ретте, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің, егер олардың еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе егер олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада көрсетілген, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған, он сегіз жастан асқан адамдардың оқуды бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар; 

2) егер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің (қарындастарының) немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының немесе ерлі-зайыптының бiреуiнің не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар. 

2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, айырылып қалған әрбiр ата-анасы үшiн асырап алушыға, қорғаншыға төленедi. 

3. Бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады. 

4. Қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшесiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады. 

5. Қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлемдегі үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi. 

Әлеуметтiк төлемдегі үлесін бөлу қорға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi. 

6. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, қор әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады. 

7. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармақтың осы бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармақтың осы бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады. 

Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы сақталатын уақыт кезеңі бойына ай сайын төленiп тұрады. 

8. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы – асыраушы қайтыс болғанға дейiн оның асырауында болған адамдардың санына қарай айқындалады және оның асырауында бiр адам болса – 0,5; асырауында екi адам болса – 0,65; асырауында үш адам болса – 0,8; асырауында төрт және одан көп адам болса – 1,0 болады. 

Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері, кірісті ауыстыру коэффициенті және қатысу өтілінің коэффициенті осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады. 

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться