Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
27-бап. Әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру және қайта бастау

1. Әлеуметтік төлем:  

1) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткені туралы; 

2) алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы; 

3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған; 

4) іздестірудегі адамдарды хабарсыз кеткен деп тану фактісінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған; 

5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактілерінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. 

2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылуының белгіленген кезеңі аяқталған күннен бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылудың кезекті кезеңі белгіленгенге дейін тоқтатыла тұрады. 

3. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ: 

1) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға мүгедектік белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап қайта куәландырылғанға дейін; 

2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы берген, қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы анықтаманың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап тоқтатыла тұрады. 

4. Әлеуметтік төлем әлеуметтік төлемнің тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің негізінде қайта басталады.  

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ; 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться