Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
7-бап. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету



Ст. 7 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405



1. Мемлекет Қордағы әлеуметтiк аударымдардың сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепiлдiк бередi.

2. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуы:

1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы реттеу;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;

3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу;

4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу;

5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгiзу;

6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;

8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 8-1 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405