Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы
23-бап. Аннуитет шартын жасасу



Ст. 23 Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы




1. Қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс берушi осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердiң пайдасына не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес құқығы бар адамның пайдасына аннуитет шартын жұмыс беруші таңдаған, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасуға мiндеттi.

2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.

Қолданылуы кезеңінде сақтандыру жағдайы орын алған қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушымен аннуитет шарты жасалады.

4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.

5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы