Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы
6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

Ст. 6-1 Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлғаның қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті. 

2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне  

қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.  

Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...5 6 6‑1 7 8 ...28

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-1-бап Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы