Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аннуитеттік сақтандыру шарты (бұдан әрі – аннуитет шарты) – сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;

2) еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

3) кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiк – қызметкердiң белгiлi бiр бiлiктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;

4) кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесi – қызметкердiң еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейi;

5) кәсiптiк тәуекел сыныбы – өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;

6) қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешені;

7) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

8) сақтандыру жағдайы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезінде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесінде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндірістік жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кездегі жазатайым оқиға (жазатайым оқиға);

9) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

10) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

11) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

 12) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында «өмірді сақтандыру» саласында аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға; (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)

13) сақтанушы – қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

Статья 1 2 3 ...28

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться