Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
11-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты



Ст. 11 Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30



1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттік сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.

3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.

Сақтанушының өтiнiшi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.

4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.

Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

5. Егер қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады.

6. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:

1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;

2) сақтанушының (eгep ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;

3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн;

4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн;

5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн;

6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн қамтуға тиiс.

Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған кезде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бір шарты шеңберінде ол (олар) жүзеге асыратын экономикалық қызметтің түріне сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы көрсетіле отырып, сақтанушы мен оның филиалы (филиалдары) бойынша жеке белгіленеді;

7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн;

8) шартқа өзгерiстер енгiзу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртiбiн;

9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн;

10) сақтандыру шартының нөмiрi мен сериясын қамтуға тиiс.

Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30